$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көршіңізді танисыз ба?

15.06.2023ж. 20:00
1129
Көршіңізді танисыз ба?

Ел аузында «Алыстағы ағайыннан қасыңдағы көрші артық» деген сөз бар. Қоңсы қондырған соң ол жақсы болсын, жаман болсын тату-тәтті тұрып көршілік ақысын өтеу керек дейді. Бірақ, қазір бұл тәмсілді бағалап, бағамдап жатқан адам аз. Әсіресе, қалада, көпқабатты тұрғын үйлерде көршісін мүлдем танымайтындар көп. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек үй аралап, әлеуметтік эксперимент жасады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық. Қажетті затыңды қымсынбай сұрайсың, қуаныш пен қайғыда бірге болатынбыз. Өткен шақта айтуымыздың өзіндік себебі бар. Қазір көршілер араласпақ түгілі бір-бірін танымайды. Көршіге көпшіліктің көзқарасы қалай екен? Эксперимент жүргізіп көрейік.

Алғашқыда ешкім есік ашпады. Ашса да жатсынып, тезірек есікті жабуға асықты. Мен де еш кідірместен керегімді сұрап алып жатырмын. Көбі көңілімді қалдырды.

- Саламатсыз ба! Көршілеріңіз едім. 155 те тұратын астындағы.

- Ыдыс-аяқ не болса бере аласыздар ма? Қонақ шақырып жатыр едік.

- Ааа, жоқ бере алмаймын.

- Саламатсыз ба! Көршілеріңіз едім. Алма салатын ыдыс-аяқ керек болып жатыр еді. Қонақ күтіп жатыр едік.

- Ааа жоқ, жанадан көшіп келгенбіз.

Бәрі бірдей емес. Сұрағанымды бергендер де кездесті.

Кілтімнің жоқтығын сылтау етіп көршімнің үйіне кіруге де тырыстым. Бірі қарсылық білдірді,енді бірі үйге кір, тамаққа кел деп шақырды.

- Саламатсыз ба! Сіздердің үйлеріңізге кіріп отыра тұрсам бола ма? Кілтім үйдегілерде кетіп қалыпты.

- Ааа, жоқ.

- Ассалаумағалайкум. Көршілеріңіз едім 155 те тұратын. Үйдің кілті үйдегілерде кетіп қалыпты. Сіздердің үйлеріңізде кішкене отыра тұрсам болады ма?

- Қай көршісің? Астында, ма үстінде ма?

- Астында

Эксперимент екенін айттық.

- Арнайы эксперимент еді. Осы домдағы көршілеріңізді танисыз ба?

- жоқ

- Қазіргі көршілер бір-бірін танымайды. Соған арнайы әлеуметтік эксперимент жүргізген болатынбыз.

- Ааа, астында квартиранттар болған сосын ғой.

- Жалпы көршілеріңізді танисыз ба өзіңіз?

- Иә, танимыз. Астындағыларды танымаймыз тек.

Қоғам белсенділері қазіргі заманда көршілердің бір-бірімен хал-жағдай сұраспауының түрлі себебі бар дейді. Яғни, көбі- көші қонға қатысты. Пәтерде тұрақты тұратындар аз. Көшіп-қонып жүргендер жетеді. Сосын адамдар бір-бірімен өмірде емес, әлеуметтік желі арқылы сөйлеседі.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Қазір көршінің арасындағы қарым-қатынас жоғалып кетті. Бұл жоғалу қазір көп нәрседен байқалып жатыр да кері әсері. Мысалы қазір байқап отырсақ аяқ астынан өзің өзің лақтырып жіберетін адамдар көбейіп кетті. Сол неліктен әсіресе нау қалалық жерде араластықтын жоқтығынан. Ағайын - туыстар көп келе бермейді. Көршілер білер еді да не боп жатқанын. Көршісініңде қандай жағдай болып жатқанын оның басына қандай күй түсіп жатқаның, қандай көмек керек екенің біліп отырар еді да. Сондай сәтте моральдық тұрғыдан демеу болар еді деген сияқты. Үй таңдама, көрші таңда дейді қазақ. Сондықтан көршімен тату болу керек.

«Жақсы көрші тапқаның – мол олжаға батқаның» деген мәнді сөз бар. Олжа – материалдық табыс емес, сенім, құрмет, сүйеніш, сыйластық, ауызбірлік – тіршіліктің бір ғанибеті.