Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Балқаш ЖЭС тағдыры әлі де белгісіз

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
2027
Балқаш ЖЭС тағдыры әлі де белгісіз

 Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай алынды. Төрт ұнғымадан тәулігіне 90 мың баррель өнім өндірілген. Қазір «Болашақ» зауыты да толық қуатына шықпаса да, жұмыс істеп тұр, -деді Энергетика министрі. 


Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Тауарлы мұнай «Болашақ» зауытынан шықты. Тазартылған мұнай кеше "ҚазТрансОйл" қоймасына түсті.  Сол жерде жинақталып, уақыты жеткенде оператор мен акционерлер алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы жариялайды.

Ал Балқаш жылу электр станциясының тағдыры әлі де белгісіз. Бүгін парламент отырысынан кейін біздің арнамызға Энергетика министрі Қанат Бозымбаев заңға сәйкес бұл тақырыпта ешқандай пікір білдіре алмайтындығын жеткізді. Балқаш жылу электр станциясының құрылысын «Самұрық-Энерго» АҚ кореялық «Samsung» консорциумымен бірлесіп жүзеге асыруы тиіс-тін. Алайда белгісіз себептермен, 31-ші тамыз күні кәріс компаниясы жобадан бас тартуға ниет білдірген. Келісімшартқа сәйкес, қазақстандық тарап бұл мәселені 60 күн ішінде реттеуі тиіс еді. Алайда біздің тілшілер Ұлттық экономика министрлігінен де, Энергетика министрінен де нақты жауап ала алмады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Менің кез-келген сөзім Балқаш ЖЭС-ның тағдырына кесірін тигізуі мүмкін. Заң тұрғысынан, мен бүгін қандай да бір мәлімдеме жасай алмаймын. Бірақ, барлығы жақсы болады деп сенемін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ