Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елбасы астық жинау науқанының табысты аяқталуына орай дихандарға құттықтау жолдады

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
2789
Елбасы астық жинау науқанының табысты аяқталуына орай дихандарға құттықтау жолдады

Диқандар 23 миллион тоннадан астам егін жинады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 еседей артық. Астық жинау науқанының табысты аяқталуына орай бүгін президент егіншілерге құттықтау жолдады. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына үлкен тарту деп бағалады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының шаруалары 5 млн тоннадан артық өнім алды. Президент Қарағанды өңірі де 1 млн тоннадан аса бидай алып, рекордқа қол жеткізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар рекордтық күріш жинаған қызылордалық және бақша өнімдерін молынан алған алматылық, жамбылдық және оңтүстікқазақстандық шаруаларға да алғыс білдірді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ