Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлытау облысында ауыл әкімінің көлігімен соқтығысқан 17 жастағы мотоциклші қаза тапты

AstanaTV
17.06.2023ж. 14:28
1495
Ұлытау облысында ауыл әкімінің көлігімен соқтығысқан 17 жастағы мотоциклші қаза тапты

Қайғылы оқиға Жаңаарқа ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мотоцикл мінген 17 жастағы мектеп бітіруші ауылдардың бірінің әкімі мініп келе жатқан көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Жасөспірімнің қайтыс болғанын, ал әкімнің жарақат алғанын ғана білеміз ғой. Ол қазір ауруханада. Бұл Орынбай ауылдық округінің әкімі. Алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізуші көлікке соқтығысқан. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, құқықтық баға береді, - деп хабарлады Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұлытау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.