Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Еуро-2024: Футболдан Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға шықты

AstanaTV
17.06.2023ж. 15:31
1864
Еуро-2024: Футболдан Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны ұтты. Осыдан соң Магомед Адиев шәкірттері топта екінші орынға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан командасы Н тобында сынға түсуде. Бұл топта Дания, Қазақстан, Финляндия мен Словения құрамаларында 6 ұпайдан бар. Қазіргі таңда турнир кестесіндегі бірінші орынға Дания орналасқан. Екінші орында Қазақстан, үшінші орында Финляндия тұр. Айта кетелік, кеше түнде футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариномен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Ян Вороговский 37, Асхат Тағыберген 64 (пенальти), Бақтиер Зайнутдинов 90+5