Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жаңа Үлкен Алматы айналма жолы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
18.06.2023ж. 22:35
1217
Жаңа Үлкен Алматы айналма жолы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Жаңа Үлкен Алматы айналма жолы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін таңертең Kia көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тасжолында рөлді тізгіндей алмай, Үлкен Алматы айналма жолына апаратын жолға шыққан. Осыдан кейін ол жаяу жүргіншіні - 51 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ал кейін жеңіл көлік жол бойында тұрған ЗИЛ суаратын көлігіне соғылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм суару көлігінің жүргізушісі болған.

"Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші, сондай-ақ, KIA көлігінің 42 жастағы жолаушысы сол жерде қаза болды. Сонымен қатар, жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, ол да есін жимастан, қайтыс болды", - деді полиция.

Сонымен қатар, дене жарақатымен Алматы қаласының ауруханасына тағы бір Kia жолаушысы жатқызылды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелген. Қазір барлық қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады Алматы облысының Полиция департаменті өкілі.