Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Grand Slam: Қазақстан жалпы командалық 4-орынды иеленді

AstanaTV
18.06.2023ж. 23:06
830
Grand Slam: Қазақстан жалпы командалық 4-орынды иеленді

Астанада мәресіне жеткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғалымжан Қырықбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық Ғалымжан Қырықбай 100 келіден астам салмақта грузиялық Саба Инанейшвилимен белдесті.

Екі балуан да бұған дейін Grand Slam жарысында қола алған еді. Ғалымжан әдіс қолданып, С. Инанейшвилидің жауырынын жерге тигізді.

Ақерке Рамазанова да Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдені жеңіп алды.

Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова (+78 кг) Нидерланд спортшысы Карен Стивенсонмен қола медаль үшін күресті. Әлемдік рейтингте нидерландылық дзюдошы 22-орында болса, 22 жастағы Ақерке 54-орында еді. Қазақстандық спортшы бір минутқа жеткізбей, К.Стивенсонды таза жеңіспен жеңді. Бұл - Ақерке Рамазанованың Grand Slam турниріндегі алғашқы медалі.

Біздің жігіттер мен қыздарға татамидегі еңбектері мен жеңіске деген құштарлықтары үшін алғыс айтамын! Астанада Grand Slam жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айтуға болады. Бұл біздің спортшыларды қызу қолдаған ұйымдастырушылар мен жанкүйерлердің үлкен еңбегі. Біздің командамызға Ханчжоу мен Парижде өздерін табысты өнер көрсетулерін тілеймін, - деді Мәдениет және спорт министрі.

Qazaqstan Barysy Grand Slam-әлемнің 42 елінен 334 спортшы қатысқан ауқымды халықаралық жарыс. Турнир ерекше маңызды, өйткені оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Париждегі Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай иеленеді.