$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Конституциялық сотқа түскен шағымдардың 41 пайызы сот үкімімен келіспеуден туындаған

20.06.2023ж. 20:00
1250
Конституциялық сотқа түскен шағымдардың 41 пайызы сот үкімімен келіспеуден туындаған

Соңғы бес айда 3000-нан астам адам конституциялық сотқа жүгінген. Бұл туралы конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Парламенттің бірлескен отырысында айтты. Бұл азаматтардың жаңа органға деген сенімін білдіреді, деді төраға. Дегенмен келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы сот шешімдерімен келіспеуден туындаған. Ал конституциялық соттың сот шешімдеріне баға беруге құқығы жоқ деді.

Элвира ӘЗІМОВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ:

20 өңір арасында ең көп өтініш Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. Өкінішке қарай, 5 айдағы конституциялық іс жүргізу қорытындысы бойынша, жекелеген нормативтік құқықтық актілерде елеулі олқылықтардың бар екені анықталды.