Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайдағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылды

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2275
Қостанайдағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру жөнінде қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдауға келген қостанайлықтардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да болды. Солардың бірі - Татьяна Беличева. Жастайынан сал ауруына шалдыққан бойжеткен  қатарынан қалыспай қайсарлық көрсетіп орта білім алған. Қазір Мәскеу университетінде оқып жатыр. Билік партиясы қамкөңіл жандарға үнемі қамқорлық жасап келеді. Оның анасы бүгінгі қоғамдық қабылдаудан кейін қызыма жұмыс табылып қалар деп үміттенеді.

Наталья Беличева, қала тұрғыны:

Барлық жерге жоғары білім қажет. Ал менің қызым орта білімді. Биыл Мәскеу университетіне түсті. Енді оқуын бітіріп, қолына диплом алғанша әлі 4 жыл бар. Әрине, оның жұмыс істеп, адамдармен араласқанын  қалаймын.

Жыл басынан бері билік партиясының өңірлік филиалына 5 мыңан астам аймақ тұрғыны жүгініп, өтініш шағымдарын жеткізген. Мыңға жуық адамның арызы оңтайлы шешімін тапты, - дейді қоғамдық қабылдау өкілдері.  «Нұр Отан» партиясының ғимаратына бүгін жұмыссыз жүрген алты адам келді. Олар облыстық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  басшысының қабылдауында болып, қос қолға бір күрек ұстағысы келетіндіктерін білдірді.

Гүлнәр Әбенова, Қостанай облыстық әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Біз жұмыс іздеп келген жандарға  кеңес беріп, қай мекемеде қандай бос орындардың бар екендігін айттық. Енді оларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыс берушілермен кездесу керек.  Бүгінгі қабылдауға келген қала тұрғындарының барлығы жұмысқа тұрады деп үміттенем.