$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясының мүшелері Ақтөбедегі азық-түлік дүкендерін аралап, бағаны тексерді

22.06.2023ж. 20:00
966
«AMANAT» партиясының мүшелері Ақтөбедегі азық-түлік дүкендерін аралап, бағаны тексерді

Ақтөбенің дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қандай? Бүгін «AMANAT» партиясының депутаттары дүкендерді аралап, азық-түлік бағасын тексерді. Мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар тауар бағасына белгіленген 15 пайыздан қымбатқа сатылмауын және барлық тауарлардың дүкен сөрелерінде бағасының жазылып тұруын бақылады. Мұндай рейд күн сайын жүргізілуде.

Шынар ЕРШІЛІК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінде он тоғыз тауар. Күнделікті қолданатын өзіміз жейтін сүт, май, макарон, гречка секілді тауарлар. Олар халыққа қол жетімді болуы керек. Осы мақсатта бағаны асырмау өте маңызды.

Ал бағаны көтерген кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке кәсіпкерлер отыз мың теңгеден жоғары, ал орта бизнес өкілдеріне 150 мыңға дейін айыппұл салынады. Бір дүкеннен бес заң бұзушылық анықталды.

Жақсат ТӨЛЕГЕНОВ, «АСТАНА» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мысалы рожки 320 теңгеден алған келісін, оны 400 теңгеден сатып жатыр. Ал 15 пайыз қосқанда 380 теңге тұруы тисі. Яғни, бұл жерде әлеуметтік маңызды тауарға баға өсімі байқалып тұр. Сондықтан біз осындай дүкендерді анықталған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жолдаймыз.