$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Маңғыстау облысында бірнеше айдан бері ауыл мектебінің құрылысына ақша бөлінбеген

23.06.2023ж. 20:00
826
Маңғыстау облысында бірнеше айдан бері ауыл мектебінің құрылысына ақша бөлінбеген

Маңғыстау облысындағы Қызыл-Төбе-2 ауылындағы мектептің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы толық бөлінбеген. Нысан құрылысы тоқтап тұр. «АМАNАТ» партиясы жағдайды бақылауға алды. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеменің есебінен жалғасуда. Қазір 80 пайызға орындалды. Қаржыға қатысты үшінші рет мәселе туындапты.

Асқар КЕРІЛБАЕВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Біз негізі келесі жылы тапсыруымыз керек еді мектепті 24 жылға. Бізде үкіметтен берілетін ақша уақытында келмейді. 6 ай болды ақша берілмегеніне. Жылда осындай мектеп саламыз бірақ, жылдың басынан бастап ортасына дейін ақша берілмейді. Соған байланысты біз мектепті биыл тапсыра алмайын деп тұрмыз.

Исахан САҒЫНБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ МОФ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаңтар айынан бастап кешегі мамыр айының аяғына дейінгі аралықта осы қаржыландырудың кішкене кідіруіне байланысты мектептің құрылысы баяулап қалған. Осыған қатысты Маңғыстау облыстық «АМАNАТ» партиясы, партиялық бақылау комиссиясы бұл жұмыстың бітпей қалау қауіпі болмайтындығын назарға ала отырып. Біз осы партиялық бақылау постын құрып бақылауға алдық.