$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында екі бала канал суына батып кетті

26.06.2023ж. 20:00
868
Алматы облысында екі бала канал суына батып кетті

Үлкен Алматы каналынан кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Бөлек ауылынан 10 шақырым жерде болған. Ағайындылар 2009 және 2013 жылы дүниеге келген. Олардың денелері суға шомылуға жабдықталмаған жерден анықталды. Суару каналы егістіктерді суару үшін қолданылады. Іздестіру жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Оқыс оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

2023 жылдың 23 маусым айында сағат 15.30 шамасында кәмелетке толмаған 2013 жылғы баланың мәйіті Үлкен Алматы Каналының бойында 3-шақырым жерде табылды. Келесі күні екінші баланың мәйіті де сол каналдан табылды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.