$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыз бір саусағынан айырылды

AstanaTV
27.06.2023ж. 08:15
1128
Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыз бір саусағынан айырылды

Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш жасар қыз шылдыр шүмегінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, бұл жағдайдың қалай болғанын ата-анасы білмейді, ал балабақшадағылар оларға жарытып түсіндіріп бере алмаған.

Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан.

"Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия",-деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған.

ҚР Қылмыстық кодексінің "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" (141-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды.