Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Германиядағы «ақымақтарға» арналған тест

AstanaTV
15.10.2016ж. 20:00
3347
 Германиядағы «ақымақтарға» арналған тест

Германияда ішімдік ішіп ұстала беретін жүргізушілер ақымақтарға арналған сынақ тапсырады. Әрине, бұлай атаған жұрттың өзі. Себебі оның сұрақтары расында құйтырқы. Дұрыс жауаптары да «ерекше». Мысалы, мынадай сауалдар бар: 

1. Германияда қанша бұрылыс бар?

2. Қандай сұраққа «жоқ» деп жауап беруге болмайды?

3.Жасыл адамды көргенде не істеу керек?

 Жауаптары:

1. Германияда екі бұрылыс бар – оңға және солға.

2. Сен тірісің бе? деген сауалға.

3. Көшеден өту керек / себебі бағдаршамның жасыл түсінің ішіндегі адамды айтып тұр/

 Немесе мынадай мысал-сауалға жауап беру керек – Сіз көшеде ішімдік ішіп алып тұрсыз. Жаныңыздағы әйелдің толғағы басталып кетеді. Көмектеспесеңіз, өліп кетуі де мүмкін. Не істейсіз?

Әдетте «амал жоқ, көлікке отырып, әйелді құтқарамын» немесе «жедел жәрдем» шақырамын, болмаса такси шақыртамын» деген жауаптар беріледі. Алайда дұрыс жауап: 

 «Психолог мырза, мен өзімнің көшеде ішімдік ішіп алып тұрғанымды елестете алмаймын, себебі мен мүлдем ішпеймін»...

Германияда жүргізуші куәлігінен айырылған адам оны қайтару үшін кәдімгідей қиналатын сынақтардан өтеді. Санкциялар схемасы күрделі. Ай сайын анализге қан тапсыру өз алдына, арнайы медициналық-психологиялық тексеруден өтеді. Айтып отырған «идиот тест». Оны 100 адамның 5-і ғана бірден тапсыра алады екен. Алдында арнайы курсқа жазылады. Бір сағаты 80 еуро тұрады. Сынақтың өзі 140 еуро. Сонда бір айға жүргізуші куәлігінен айырылған заң бұзушы 2 мың еуроға шығындалады. Иә, басқа болмыс...