Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Боб Диланға берілді

AstanaTV
15.10.2016ж. 20:00
1135
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Боб Диланға берілді

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы биыл  Боб Диланға берілді. Америкалық  ақын, музыкант "жаңа поэтикалық орамдар ойлап тапқаны үшін" деген формулировкамен.  Шын аты Роберт Аллен Циммерман. Атасы мен әжесі Одесса еврейлері. Қазір Боб Дилан 75-те.

 Оның өткен ғасырдың 60-жылдардағы композициялары соғысқа қарсы және азаматтық құқықтар үшін күрескен қозғалыстардың гимніне айналған. 50 жылдық карьерасында пластинкалары 100 млн данамен тараған. Айтпақшы оның сурет салатын өнері де бар. Музыкалық сыншылар, жалпы ірі музыканттар Боб Дилан рок және поп музыканың есті, күрделі және метафораға толы болатынын дәлелдеген автор дейді. Иә, осыған дейін Нобель сыйлығы академиялық әдеби шығармаларға беріліп келді. Сондықтан жалпы алғанда музыкант-авторға берілуі  мәссаған дегізетін жаңалық. Бірақ білгірлер Бобтың музыка жазылған тексттері қарапайым шумақтар еместігін, оның жаңа айтқандай, миллиондарды ерткен, еліткен және ой салған СУРЕТКЕР екенін баяндайды.

«Аспан қақпасын қағу» әнінен үзінді

Оның  осы, "Аспан қақпасын қағу" деген әйгілі әнінде - Ана, менің қаруымды жерге таста, мен енді одан атпаймын, маған қараңғылық төніп келеді, мен аспан қақпасын қағып тұрмын-ау деймін... деген жолдар бар.

 Шаблондар бұзылды. Боб Дилан сыйлықты Нобель өзі өсиет еткендей, адамдардың идеалдарын ұлықтаған қасиеті үшін алды. Айтпақшы, соғысқа жиіркеніш сезімінен туған "Аспан қақпасын қағу" әні әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайға тура келіп тұр.