$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы депутаттарының бірінші республикалық форумына Шығыс Қазақстан облысынан 104 делегат қатысады

27.06.2023ж. 20:00
1243
«AMANAT» партиясы депутаттарының бірінші республикалық форумына Шығыс Қазақстан облысынан 104 делегат қатысады

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумына Шығыс Қазақстаннан 104 делегат қатысады. Шара 29 маусымда Астанада өтеді. Қатысушылар ауылды дамыту мәселесін сөз етпек. Аманаттықтардың облыстық сайлауалды бағдарламасының жол картасында ауыл-аймақтарды қолдауға үлкен мән берілген. Жеңілдетілген несие беру, жастар кәсіпкерлігін қолдау, әлеуметтік нысандар құрылысы, ауылдық елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қозғалмақ. Сонымен қатар, Риддер жылу электр орталығын, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді жаңалап, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, республикалық маңызы бар жолдарды салуға қатысты мәселелер талқыланады. Форумда, депутаттар ашық микрофон форматында министрлік өкілдеріне барлық маңызды сұрақтарын тікелей қоя алады.

Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Депутаттарды ең көп толғандыратын сұрақтар бұл - ауылды көркейту. Қазіргі кезде партия тарапынан "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асып жатыр. Халықты ауылда тұрақтандыру, шекаралас аймақтардағы ауыл тұрғындарының бекіту ауылдарда. Әсіресе, Катон-Қарағай, Күршім аудандарында Республикалық деңгейде салынып жатқан көмірдің құрылысы қашан бітетіндігі туралы сұрақтар қойылады. Сонымен қатар, Омск-Мақапшағай Республикалық трасса.