$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Футболдан Қазақстан кубогында «Астана» «Ордабасыдан» басым түсті

AstanaTV
28.06.2023ж. 23:44
1095
Футболдан Қазақстан кубогында «Астана» «Ордабасыдан» басым түсті

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойынында «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Ойын тағдырын шешкен голды 73-минутта «Астана» сапынан Игор Иванович соқты.

Енді жарыстың аталған сатысында 21.00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтааралы» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.