Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық спортшылар 4 бірдей Олимпиада медалімен қош айтысты

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
4080
Қазақстандық спортшылар 4 бірдей Олимпиада медалімен қош айтысты

Қазақстан 3 алтын мен 1 күмістен айрылды. Спортшылар осыншама Олимпиада медалімен қош айтысты. Халықаралық Олимпиада комитеті мен бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі бірлесіп тексеріс өткізген. Нәтижесінде біздің спортшылардың  2012 жылғы қан сынамаларынан рұқсат етілмеген препараттар табылғаны белгілі болды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында пайда болған ақпаратқа көз жүгіртсек, "3 бірдей олимпиада алтынын алған қазақстандық зілтеміршілер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезаның чемпиондық атағы алынып тасталды" делінген. Енді олар жақын арада медельдарын қайтарып береді. Және сол салмақтағы жеңімпаздар қайта қаралатын болады. Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының еркін күрестен күміс жүлдегері Таймураз Тигиев те медалінен айырылды.

Жігер Әзберген, ХОК Қазақстандағы ресми өкілі:

Комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды. Спортшыларға қолданатын жазалардың мерзімін тиісті халықаралық федерациялар анықтайды.

Спортшылар шешімге қатысты Лозанна қаласындағы спорттық арбитражды сотқа 21 күн ішінде шағымдана алады.

Өзге спортшылардың 2008 және 2012 жылдардағы қан сынамалары тексерілу үстінде. Олардың арасында  екі дүркін олимпиада чемпионы, зілтемірші Илья Ильин де бар. Өткен аптада ауыр атлетика федерациясы «алтынды алып қалу оңай болмасы анық» деп болжаған еді. Ендігі мақсат - ойыннан шеттету мерзімін азайту, - дейді мамандар. Ал, бұл мерзімді алдағы уақытта Халықаралық федерация анықтамақ.