Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте АИ-92 маркілі бензин бағасы 137 теңгеге жетті

AstanaTV
18.10.2016ж. 20:00
2001
Шымкентте АИ-92 маркілі бензин бағасы 137 теңгеге жетті

Шымкенттегі бинзин бағасының бірден 6-7 теңгеге қымбаттауы Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Оңтүстіктегі Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров осылай деп отыр. Қазір аймақта бензин бағасы бағынбай барады. Шаһарда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин кейбір бекеттерде 137 теңгеге дейін жетті. Әсіресе, қала сыртындағылар бағаны 6-7 теңгеге қымбаттатқан. Дегенмен, аталған жанармайды 129 -130 теңгеден саудалап жатқан май құю бекеттері де бар. Бағадағы бұл айырмашылықты сарапшы әр оператордың қор көлемімен байланыстырады. Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың ақпарынша, аймақты АИ-92 маркалы бензинмен қамту үшін 25-30 мың тонна өнім қажет. Бүгін соның 10 мың тоннадан астамы жеткіліксіз болып тұрғанын айтты. Сондай-ақ, бағаның көтерілуіне тағы бір себеп  - өнімнің Павлодар мен Ресейден жеткізілуі.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы:

"ГазПромнефть" деген компания Ресейден осы уақытқа дейін алып келген. Ол жақта да әрқашан баға бізге қарағанда, мысалы, Аи-92 маркалы орта есеппен алғанда бізге теңгеге шаққанда 180 теңге орта есеппен, сондай теңгемен келеді. Павлодарда да жолға байланысты. Жолға орта есеппен 40-50 доллар кетеді ол. Оның үстіне кеше тағы да акциз қосылыпты.