Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Аймақтардағы су арналары бірыңғай операторға берілуі мүмкін

AstanaTV
18.10.2016ж. 20:00
2720
Аймақтардағы су арналары бірыңғай операторға берілуі мүмкін

Аймақтардағы су арналарын жеке меншік әріптестікке беру керек немесе бірыңғай операторға топтастыру қажет. Бұл облыс орталықтары мен қалаларды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осылай деді.

Жалпы «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асырылған 2011-15 жылдары қаланың 87 пайызы, ауылдың 51,5 пайызы орталық су жүйесіне қосылған. Орталық су бұру жүйесі қалаларда 82, ауылдарда 11 пайызға ұлғайған. Осы мақсатқа бюджеттен 397 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдарынан 18 млрд теңгедей ақша тартылған. Ал жоспарды орындау үшін әлі 2 триллион теңгедей қаражат керек.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Нәтижесінде сектордың жалпы инвестициялық қажеттілігі 1,97 трлн теңгеден асады. Бұл республикалық бюджетте, әрине, қаржы жетпейді. Тарифтердің өсуін ескере отырып, қалалық, елді мекендердегі су арналарын қаржыландыру бойынша бюджетке түсетін жүктемені төмендету орынды. Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін, мемлекеттік жеке меншік әріптестік қатынасын енгізу ұсынылады.

Қуандық Бишімбаев ауылдағы су арналарын «Қазсушар» мекемесінің біріңғай басқаруына беруді ұсынды. Елді мекендердегі  шағын су арналарын біріктіру арқылы, оларды ірілендіру керектігін алға тартты. Ал "Қазақстан даму банкі" сумен қамту бағдарламаларын қаржыландыруға дайын екендерін айтты.

Болат Жәмішев, "Қазақстан даму банкі" АҚ төрағасы:

Біз сумен жабдықтау жобаларын мемлекеттік жеке меншік әріптестігі арқылы қаржыландыра аламыз. Сумен қамту саласында кепілдендірілген қаржы болады. Сондықтан ондай жобаларды инвестициялау туралы шешім қабылданды.