$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жекдуадақтың өсіміне ешқандай қауіп жоқ - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
3215
Жекдуадақтың өсіміне ешқандай қауіп жоқ - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Елде 174 жекдуадақ құсын аулауға қатысты Үкімет қаулысы шықты. Оны аулауға Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар мемлекеттерінің тек белгілі тұлғаларына ғана рұқсат беріліпті. Олар бір құсты атып алу үшін 265 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлейді. Ол шамамен 560 мың теңге.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында вице-министр Ерлан Нысанбаев бұл бағытта жұмыс бір жолға қойылғанын айтты. 2003 жылдан бері саятшылықтан түскен табыс көлемі 272 млн теңгеге жеткен. Ал көбейту мен өсіруге 26 млн доллар инвестиция құйылған.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

2007 жылдан бастап осы жекдуадақтың жалпы санын өсіру мақсатында табиғатқа қолдан өсіріп жіберген дуадақтың саны 7800 дана болса, бүгінгі күнге 2003-тен бастап олардың сол аулаған дуадақтың саны бар-жоғы 588 дана.

2007 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріп-көбейту орталығы іске қосылып, жылына табиғатқа жіберетін дуадақ саны 5000 мың данаға жеткен. Бұл жобаны іске асыруға арабтар 4 млрд 500 млн қаржы жұмсапты. Арабтардың құстарды өзге емес, Қазақстанда өсіруі бекер емес, - дейді мамандар.

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

Жекдуадақтардың дамуына қаражат құйылудың себебі қарапайым. Бұл құстар қоныс аударатын түрге жатады. Бізде ұя салып балапандайды да, Араб елдеріне ұшады. Сондықтан қолдан өсіру бағдарламасын олар өздерінде де, біздің елде де қолға алып отыр. 

Айбек ҚОСАНОВ