Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бір орталықтың екі түрлі келбеті

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
1922
Бір орталықтың екі түрлі келбеті

«Қорғас» кеден бекетіндегі жұмыстың баяулығынан отандық тауарлар Аспан асты еліне өтпей жатыр. Өйткені «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында екі-ақ өткізу бекеті жұмыс істейді. Кәсіпкерлер осылай деп отыр. Ал Қытайда мұндай 7 өткізу бекеті бар. Кезек тудырған кеден жұмысы кәсіпкерлерге кедергі жасап отырса керек. Орталықтың біздің ел жағындағы бөлігіне миллиардтаған қаржы құйылса да, дамымай отыр. Бұл мәселені кәсіпкерлер де, сарапшы-экономистер де батылырақ көтере бастады. «Қорғаста» болып қайтқан Парламент Мәжілісінің депутаты да мұны растайды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қытай жағынан дамыған, биік, керемет ғимараттар тұрса, оның ішінде тұрғын үйлер бар, банктер бар, офистер бар, біз жақта бір ғана сауда орталығы бар. Және де 11 жыл бойы азаматтарымызды макеттермен алдап отырмыз.

Бұл кеденнің жемқорлыққа қатысты аты шыққан және тауар өткізуге байланысты қиындықтар туралы ылғи айтылады. Ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан бір орталықтың екі түрлі келбеті жайлы материалды көре аласыздар!