$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Ақтөбеде теологтар теріс ағымды насихаттаушы 40-қа жуық адамның аты-жөнін анықтаған

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
2654
Ақтөбеде теологтар теріс ағымды насихаттаушы 40-қа жуық адамның аты-жөнін анықтаған

Дін жолына түскісі келгендер мешіттерден сауат ашуы тиіс. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Дін істері және азаматтық қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді. Аймақта маусымдағы терактіден кейін 18 мыңға жуық жас буын өкілі діни сабақ алған.

«Аңсар» ақпараттық-ресурстық орталығында жаз айларынан бері 1 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Орталыққа шақыртусыз өз еркімен келушілер де болған. Мұндай түсіндіру жұмыстарынан кейін 286 адам дәстүрлі дінге бет бұрыпты. Теологтар түрмедегілермен тілдесу кезінде дәстүрлі емес жолды насихаттаушылардың аты-жөндерін анықтапты.

Балғабек Мырзаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы:

40-қа жуық дәстүрлі емес жолды насихаттайтындарың аты-жөнін білуге мүмкіндік туды. Біздің теологтарымыз қойған сұрақтардың барысында көпшілігінің дәстүрле емес жолға, өздерінің айтып жүрген Суна жолмен жүрміз дейді ғой, осы жолға діни білімдерінің таяздығынан кеткендерін көрдік. Екіншісі, бұлардың өздерінің ақпарат алу көздері әлеуметтік желіде әртүрлі беймәлім тұлғалар болған.