Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда Құрманғазы мен Динаға арнап ескерткіш орнатылды

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
6480
Оралда Құрманғазы мен Динаға арнап ескерткіш орнатылды

Бүгін Оралда аңызға айналған қос күйші - Құрманғазы мен Динаға ескерткіш орнатылды. Бұл шара күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орайластырылыпты.

Ескерткішті қоладан құйған белгілі мүсінші Мұрат Мансұров үш айдың ішінде жасап шыққан. Күрделі композицияның биіктігі 3 жарым метр, ал салмағы бес тонна.

Қазақ күй анасы деп құрметтеген Дина - күй атасы Құрманғазының шәкірті. Тоғыз жасында «домбырашы қыз» атанған Динаға риза болған Құрманғазы: «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді», - деп үлкен баға берген екен. Осыдан кейін дәулескер күйшіден сабақ алған Дина Түркеш пен Соқыр Есжанның, Мүсірәлі мен Әлкейдің және Дәулеткерейдің күйлерін нақышына келтіре орындайтын болған.

Осыны ескерген автор қос өнерпазды бір композицияда мүсіндепті. Әрі ескерткіш қос күйшінің есімі берілген көшелердің қиылысында орын тепкен. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Дина ұрпақтарының бірі Бағила Бишаева да қатысты. Айта кетелік, Дина мен Құрманғазының ескерткіші бұған дейін Астана мен Атырау және Ресейдің Астрахань қаласында орнатылған еді.

Еркін КАРИН