Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Азаматтық форумда бірқатар маңызды мәселе талқыланады

AstanaTV
24.10.2016ж. 20:00
2607
Азаматтық форумда бірқатар маңызды мәселе талқыланады

Астанада кезекті азаматтық форум өтеді, онда елді алаңдатып отырған мәселелер талқыланбақ. Шараға барлық аймақтан 400-ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері келеді. Бұл туралы «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов айтты. Биыл 6-шы рет ұйымдастырылатын форумның мақсаты - азаматтық қоғам институттарын дамытуға қолайлы жағдай жасау.

25 қарашада өтетін басқосуға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары қатыспақ. Форум барысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына үкіметтік емес ұйымдардың 25 бастамасы!» республикалық акциясы өтеді. 15 қазан мен 15 қараша аралығында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі болады. Үздік жоба авторы 1 миллион теңге мөлшерінде сыйақымен марапатталады.

Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті:

Біздің үлкен шарамызға 30 миллион теңге бөлініп жатыр. Кітап шығару, үлкен көрмені ұйымдастыру, сосын өткізетін жерлердің залдың арендасын төлеу, басқасы бар. Барлық ұйымдастыру жұмыстарына қаржы бөлінді.