Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай палау фестивалі ұйымдастырылды

AstanaTV
24.10.2016ж. 20:00
2667
Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай палау фестивалі ұйымдастырылды

Ал шымкенттіктер демалыс күні палаудың сан алуан түрінен дәм татты. «Достық дастарханы» деген атаумен ұйымдастырылған байқау ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Палау фестивалінде 32 аспаз бақ сынады. Биылғы шараның бір ерекшелігі - қатысушылар арасында еуропалық азаматтар да бар. Сондай-ақ бұл сайыста палаудың да атауы көбейгені байқалды. Астың Президенттік және Парламенттік палау деген түрлері де басылды. Байқауға қатысушылардың кейбірі тағамның дәмді шығуы үшін өз құпияларымен де бөлісті.

Парламент палауын басып жатырмыз. Аспаздарым әзірлеген бұл палаудан бірнеше жылдан бері депутаттар дәм татып келеді.

Набижан Сайдахматұлы, байқауға қатысушы:

Бұл палау «Байрам ошы» деп аталады.  5 келі күріш, 5 келі май. Күрішті Ташкенттен алдырдық. Құдай қаласа, жақсы шығады деген үміттеміз.

Аз уақытта 32 түрлі ас әзір болды. Әдеттегі күріш, ет пен сәбізден бөлек бірі анар қосып әсемдесе, кейбірі бөдененің еті мен жұмыртқасын да пайдаланған. Палау мерекесі осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Қазыларға иісі мұрын жарып, көздің жауын алардай безендірілген палаудың үздігін таңдау оңайға соқпады. Ақырында олар  «Бәйтерек» деген атау берілген палауды үздік деп таныды.