Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Еркеш Хасен Алматыдан су жаңа пәтер алды

AstanaTV
27.07.2023ж. 23:05
1537
Еркеш Хасен Алматыдан су жаңа пәтер алды

Жас әнші Еркеш Хасен Алматыдан алған жаңа пәтерін көрсетті. Өнер иесі оңтүстік астанаға көшіп келгелі отбасымен жалдамалы пәтер мен студияда тұрғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әр қазаққа бұйырсын. Аллаға шүкір", - деп жазды әнші Instagram парақшасында жариялған видеода сипаттамасына.

Сонымен қатар видеода Еркеш Хасен әйелі және қызымен Алматыға көшіп келіп, студия мен жалдамалы пәтерде тұрғанын айтты.

"Көбіңіз білесіздер, тоғыз ай бұрын Алматыға қоныс аудардық. Жас отбасымыз. Қырқынан енді шыққан қызымыз бар. Әуелі Алла, сосын келіншегіміз екеуіміз бір-бірімізге сеніп келдік. Аянышты болып көрінгім келмейді. Бірақ ақиқат, студияда тұрдық, жалдамалы пәтерде тұрдық. Алладан шын ниетпен сұрасаң және адал жұмысыңды істесең, бәрін береді екен. Сүйінші, бүгін армандаған пәтерімізді алдық. Әзірге осындай. Жақында жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - деді Еркеш Хасен.