$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтар құлдыққа қалай түсіп қалады - ІІМ жауабы

AstanaTV
28.07.2023ж. 12:16
938
Қазақстандықтар құлдыққа қалай түсіп қалады - ІІМ жауабы

Қазақстан полициясы ел азаматтарының еңбек және жыныстық құлдыққа түсуінің негізгі себептерін жария етті.

Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетовтің сөзіне қарағанда, еңбек және жыныстық құлдыққа халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы жиі түсіп қалады.

«Адамдардың құлдыққа түсуіне толыққанды ақпараттың болмауы, құқық сауатсыздығы, арзан жұмыс күшінің қолжетімділігі, шетелдіктердің заңсыз мәртебесі, интернеттің ықпалы, тез әрі жылдам ақша табуға ұмтылу сынды факторлар жиі себеп болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Адам саудасына қарсы күрес: құрбандардың құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

ІІМ өкілінің сөзіне қарағанда, кәмелетке толмағандар мен әйелдер жиі адам саудасымен байланысты қылмыстардың құрбаны болып жатады.

Ал жыл басынан елімізде адам саудасы бойынша 110 қылмыс анықталған.