$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда су құбыры жарылып, 1700-ден астам үй сусыз қалды

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
3537
Қарағандыда су құбыры жарылып, 1700-ден астам үй сусыз қалды

Қарағандыда бірнеше шағынаудан сусыз қалды. Қазір апат орнында "Қарағанды су" компаниясының арнайы бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ірі апат құбырлар жүйесінің 4-інші су таратқышында болды. Биыл айырбасталған пластик құбыр алғашқы аязға шыдамай, жарылып кеткен. Салдарынан 1700-ден астам үй, 7 мектеп, 2 аурухана суық сусыз қалды. Ғимараттарға арнайы көліктермен су жеткізілген. Қазір мамандар құбырларды айырбастауға кірісті. Ертең түске дейін тіршілік нәрі беріледі деп отыр.

Олег Диль, "Қарағанды су" ЖШС магистраль жүйелерінің құрылысы бойынша учаске шебері:

Диаметрі 1200 мм пластик құбыр жарылды. Өте көп көлемде су кеткен. Суды сорғызып, құбырды дəнекерлеп жатырмыз. Тұрғындарға ертең су беру үшін, түні бойы жұмыс істейміз.

Айжан ҚУАШ