Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ресейден ет өнімдері тасымалданбайды

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
3071
Ресейден ет өнімдері тасымалданбайды

Бүгіннен бастап Қазақстанға Ресейден ет өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салынды. Көрші елдің халықаралық эпизоотикалық бюросы аусыл ауруының ошағы пайда болғанын айтқан. Сондықтан осындай шешім қабылданып отыр, - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Олжас Аусабаев, ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Ресей Федерациясы Владимир облысындағы елді мекенінде аусыл ауруының тіркелуіне байланысты, бүгінен бастап аусылға бейім жануарларды және сол жануарлардан алынған өнімдерді республика аумағына алып келуге тыйым салынды. Бұл туралы ресейлік әріптестерімізге хат жолданды.

Есесіне, Қытайға ет өнімдерін тасымалдауға осыдан үш жыл бұрын енгізілген шектеу алынып тасталды. Енді отандық шаруалар өз өнімдерін экспортқа шығара алады. Биыл Қазақстан Қытайға он мың тонна ет өнімдерін экспорттаған. Болашақта бұл көрсеткішті 50-60 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ал Ресей аумағында аусыл ауруының ошағы пайда болуына байланысты елімізге сиыр, қой, шошқа еті мен сүт өнімдері тасымалданбайды.

Айта кетейік, еліміздің 9 облысында аусылға қарсы егу жүргізілмейтін болды. Яғни Ақмола, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары қолайлы аумақ ретінде танылды.