Қырғызстан
үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев бүгін жарлыққа қол
қойды, - деп хабарлайды «24.kg» агенттігі. Үкіметтің жұмысы басқарушы коалицияның
ыдырауына байланысты тоқтаған. «Тұрақтылық, сенім және жаңа мүмкіндіктер» деп
аталатын коалиция былтыр қарашада құрылған еді. Оған 4 фракция кірген. Алмазбек Атамбаев төрағалық ететін социал-демократтар, Қырғызстан,
Онугуу-Прогресс және Ата-Мекен партиялары.
Жаңа үкімет құрамы айтарлықтай өзгермейді деген болжам бар. Қырғызстан
конституциясы бойынша коалиция құрамынан бір партия шықса, ол ыдырап, үкімет отставкаға кетеді. Енжі желтоқсанда өтетін референдумда
парламент пен премьер-министрдің құзырын кеңейту жоспарланып отыр.
Саламат ОМАШ