Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жылына 100 мың пәтер салынатын болады

AstanaTV
26.10.2016ж. 20:00
1839
Жылына 100 мың пәтер салынатын болады

Жылына 100 мыңға тарта пәтер салынатын болады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін Қазақстанда 4.5 миллион шаршы метр баспана тұрғызу көзделген. Бұл туралы құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді. Бағдарлама арқылы баспана құрылысына 444 миллиард теңге бөлінген. Биылғы 9 айда қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға артқан. Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шаралары арқасында осындай көрсеткішке қол жеткіздік,- дейді комитет басшысы. Баспана алуға ниеттілер саны 2,3 миллион адамға жеткен. Оның 400 мыңы кезекте тұрғандар.

Мархабат Жайымбетов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, ТҮКШ істері комитетінің төрағасы:

Бір жарым миллион баспана салыну керек. Пәтері бар, басқасы бар. Оның ішінде 66 пайыздан жоғарысы он сотық жерге салынатын жеке тұрғын үйлер. 280 мыңдай кредиттік пәтерлер, қалғаны көпқабатты тұрғын үйлерге пәтерлер салынады.