TikTok блогердің әдісі бойынша арықтауға тырысқан қыз 25 таблетка дәрі ішіп, есінен танып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Мәскеуде болған. 2 тамызда таңертең 13 жастағы Лизаның (есімі өзгертілген) анасы қызының бозарып, есінен танып қалғанын байқаған. Ол қызы өзіне қол жұмсағысы келді деп күдіктеніп қалған. Кейін дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда Лиза оянғанда, анасына жағдайды түсіндіріп берген. Қыз қатты арықтағысы келген екен.
"Бойжеткен іш жүргізетін дәрінің 25 таблеткасын ішкен. Бұл туралы ол 3 миллионнан аса оқырманы бар TikTok блогерінен білген. Ол бірде жігітпен кездескені туралы видео түсіріп, бір-екі сағат ішінде "арықтау" үшін ондаған таблетка ішкенін айтады", - деп жазды авторлар.
Лиза блогердің әдісін қайтлаймын деп есінен танып қалған. Ол өзіне қол жұмсау ойы болмағанын айтқан, қазір жағдайы жақсы.