Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясының өкілдері шалғайдағы ауылдарда қоғамдық қабылдау өткізді

08.08.2023ж. 20:00
716
«AMANAT»  партиясының өкілдері шалғайдағы ауылдарда қоғамдық қабылдау өткізді

 «AMANAT» партиясының өкілдері шалғайдағы ауылдарда қоғамдық қабылдау өткізді. Мобилді топ Бейімбет Майлин ауданындағы Асенкритовка елді мекеніне ат басын тіреп, тұрғындар тілегін тыңдады. Ауылдықтарды ауыз су, жол, интернет түйткілі толғандырады. Аядай ауылдағы мәдениет ошағы да тозып тұр. Жөндеу керек. Жергілікті халық қазынадан қаражат бөлінгенін қалайды.

Рыскүл БАЯҚОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Мен басшылыққа мынадай өтінішпен жүгіндім. Мәдениет үйін жөндеуге көмек көрсетуін сұрадым. Өйткені мұндай жеке ғимарат кез-келген ауылда кездесе бермейді. Менің әріптестерімнің көбі мектепте немесе кітапхананың бір бұрышында отырады.
Алпамыс ӘБЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жергілікті тұрғындар көтерген мәселелері зейнетке шығу жасын азайту, ауыз су мәселе, жол мәселесін көтеріп отыр. Облыстық құзырлы мекемеден басқарма басшыларының орынбасары келіп, осы жерде тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, түсініктеме берді.