Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Роналдиньо, Пуйоль. Қырғызстанға «Барселона» аңыздары келеді

AstanaTV
11.08.2023ж. 21:35
1668
Роналдиньо, Пуйоль. Қырғызстанға «Барселона» аңыздары келеді

Қырғызстанға тамыз айының соңында «Барселона» футбол клубының аңыздары келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Олар 30 тамызда Бішкек қаласындағы Д.Өмірзақов атындағы стадионда Орталық Азия футболының аңыздарына қарсы ойын өткізеді.

Қырғызстанға келетін атақты футболшылардың қатарында Роналдиньо, Карлес Пуйол, Хавьер Педро Савиола бар.

Одан бөлек, аңыздар Бішкек және Жалалабат қалаларындағы «Барселона» футбол клубының академиясының ашылуына қатысады. Айта кетсек, бұл каталондық клубтың ТМД елдерінің арасындағы алғашқы академиясы.

Академияның арқасында жас әрі талантты ойыншылар әлемнің ең жақсы бапкерлерінен тәлім алатын болады. Кіштайынан «Барселонаның» ойын стильін бойларына сіңіріп өседі, — делінген хабарламада.