Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елена Рыбакинаның Монреальдағы кездесуі ауа райына байланысты кейінге шегерілді

AstanaTV
13.08.2023ж. 13:07
745
Елена Рыбакинаның Монреальдағы кездесуі ауа райына байланысты кейінге шегерілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Монреальда (Канада) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсоновамен (18-орын) кездеседі, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл жекпе-жек жексенбі күні таңертең Астана уақытымен 06:30-да өтуі керек еді, бірақ 23:30-да жауған жаңбырға байланысты кейінге шегерілді.

Еске салайық, бұған дейін турнир барысында қазақстандық теннисші америкалық Дженнифер Брэдиді (584-орын) - 6:7, 7:6, 6:3 - және Слоан Стивенсті (38-орын) - 6:3, 6:3 және ресейлік Дарья Касаткинаны (14-орын) 5:7, 7:5, 7:6 есептерімен жеңген болатын.

Биылғы Монреальдағы турнирдің жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Байқау жеңімпазы 454 500 доллар еншілеп, 900 рейтингтік ұпайға ие болады.