Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қарағанды облысында екі ірі көлік апатынан 5 адам қаза тапты.

15.08.2023ж. 20:00
721
Қарағанды облысында екі ірі көлік апатынан 5 адам қаза тапты.

Қарағанды облысында екі ірі көлік апатынан 5 адам қаза тапты. 10 шақты адам жарақат алды. Жол көлік оқиғаларына жол ережелерін бұзу себеп болған. Біріншісі, таңғы төрт шамасында Теміртау- Қарағанды тас жолында орын алды. Ниссан және Тайота Камри автокөліктерінің соқтығысуынан екінші машинаның жолаушылары қаза тапты. Жүргізушілер мен тағы екі жолаушы ауруханаға түскен. Алматы – Екатеринбург тас жолында Фольксваген Пассат және Шевролет Кобальт көліктері соқтығысып, алғашқы машинадағы жүргізуші екі жолаушысымен бірге қайтыс болды. Тағы 8 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 345- інші бабы 4- інші тармағына сәйкес қылмыстық істер қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.