$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Талдықорғандағы авиациялық базада 2 қызметші жарақат алып, біреуі қайтыс болды

AstanaTV
15.08.2023ж. 18:36
703
Талдықорғандағы авиациялық базада 2 қызметші жарақат алып, біреуі қайтыс болды

15 тамыз күні Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен.

«Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

«Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.