Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда "Баланы мектепке дайындайық" республикалық қайырымдылық науқаны басталды

16.08.2023ж. 20:00
912
Алматыда "Баланы мектепке дайындайық" республикалық қайырымдылық науқаны басталды

Алматыда "Баланы мектепке дайындайық" республикалық науқаны басталды. Бүгін алғашқы отыз оқушыға мектеп-сөмкелері мен кеңсе тауарлары табысталды. Жаңа оқу жылына керек-жарақты «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы»жобасы аясында қалалық мәслихат депутаттары жинады. Сыйлықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Айсұлу ІЗБАСАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Күтпеген жерден болды. Ұлымыз әйтеуір биыл нулевой классқа, бастауышқа. Қуанышымызда шек жоқ. Қазіргі кезде барлығы қымбат, бір баланы киіндіру мүмкін емес. Менде үш бала мектепке баратын.

Қайырымдылық шарасы айдың соңына дейін жалғасады. Екі мың бала қамтылады. Республикалық науқан биыл биыл он үш жыл ұйымдастырылып отыр. Осы уақытқа дейін мегаполисте отыз мың балаға көмек көрсетілген.

 Станислав КАНКУРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жыл сайын қалада партия тарапынан екі мыңнан астам балаларға көмек көрсетеміз, биыл да осы жоспарды орындауға ниетіміз бар.