Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкент қаласының тұрғыны іссапармен Алматыға барып, жоғалып кеткен

AstanaTV
19.08.2023ж. 11:11
762
Шымкент қаласының тұрғыны іссапармен Алматыға барып, жоғалып кеткен

Шымкент тұрғыны пойызбен Алматыға келіп, кейін туыстарымен байланысын тоқтатқан. Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкент қаласының тұрғыны, 1977 жылы туған Малиновский Дмитрий Михайловичтің бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны туралы жазба пайда болды. Еріктілердің айтуынша, 13 тамыз күні сағат 22:55-те ер адам пойызбен Алматыға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:30-да өзінің қалада екенін айтқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Шымкент қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"16 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Әйелдің сөзінше, ер адам 13 тамыз күні сағат 21:45-те Алматы қаласына пойызбен іссапарға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:35-те ол келгені туралы хабарлаған, бірақ содан кейін әйел адам ер азаматқа хабарласа алмаған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар Алматы полиция департаментіне жіберілді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.