$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тойдан шыққан бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

22.08.2023ж. 20:00
43910
Тойдан шыққан бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

Тойдан шыққан бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті. Оқиға Түркістан облысында болған. Әзірге сегіз адамның денесі табылды. Арасында кәмелетке толмаған үш бала бар. Қалған үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Мерекеден шыққаннан кейін 20 туыс өзен жағасында демалуды ұйғарған. Алдын ала дерек бойынша, бір адам суға батып, қалғандары оны кұтқарамыз деп мерт болды.

Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНЖЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Алтауын біздің ТЖД құтқарушылары шығарып алды. Бесеуін іздеу жұмысы жүргізілді. Түнге жуық екеуін тапты. Бірақ та тағы үшеуі іздестірілуде.