Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

2001 жылға дейін Қазақстанда 150 адам өлім жазасына кесілген - ҚР Бас прокуратурасы

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
8444
2001 жылға дейін Қазақстанда 150 адам өлім жазасына кесілген - ҚР Бас прокуратурасы

Президенттің өлім жазасына мораторий жариялауы заң жүзінде соттарға үкім шығаруға қайшы келмейді. «Күлекбаев ісі» бойынша Бас прокуратура осындай ақпарат айтып отыр. 2003 жылы жарияланған мораторийдің қашанға дейін жалғасатыны белгісіз, - дейді қадағалаушы орган өкілдері. Алайда, қажет жағдайда алынып тасталуы мүмкін. Соңғы рет өлім жазасы осыдан 10 жыл бұрын тағайындалған. Кейін бұл үкім «өмір бойына бас бостандығынан айыру» жазасымен алмастырылыпты.

Бас прокуратураның құқықтық статистика орталығының ақпаратынша, 1997 жыл мен 2001 жыл аралығында өлім жазасына 266 адам кесілген. Осы уақыт аралығында 150 адам атылған. 27 адамның жазасы «өмірбойына абақтыға қамауға» алмастырылған. Қалған 89 адамның жағдайы белгісіз. Алайда мамандар олардың осы уақыт аралығында қайтыс болуы мүмкін екенін айтады. Себебі олар, өлім жазасы орындалғанша, өз өздеріне қол салады екен. Осы жылдар аралығында жыл сайын 18 адам қол салған, - деп хабарлайды Бас прокуратура.

ҚР БП Құқықтық статистика орталығы

Өлім жазасына кесілгендер - 266  1997ж - 61адам 1998ж- 63 адам 1999ж- 63 адам 2000ж- 40 адам  2001ж- 39 адам
Жазаға кесілгендер  - 150 адам  1997ж - 45 адам 1998ж- 46 адам 1999ж- 33 адам 2000ж- 11 адам 2001ж - 15 адам
Жазасы кешірілгендер - 27 адам