Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жаңа сатыдағы сот отырысы өтті

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
1720
Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жаңа сатыдағы сот отырысы өтті

Ақжарқын Тұрлыбай болашақта барлығы жақсы боларынан үмітті. Бүгін Қытайдың Гуанчжоу қаласында есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматына қатысты жаңа сатыдағы сот отырысы өтті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Отандасымыз сот отырысынан соң елге сәлемін де жолдады.

Ақжарқын Тұрлыбай:

Мен әділеттік орнайтынына сенемін. Және маған қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақметімді айтамын. Елшілікке, адвокаттарға, барлығыңызға рақмет.  Жақындарымнан кешірім өтінемін. Олар маған ренжімесе екен деймін.

Сот отырысына Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайдағы екі қорғаушысы мен Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов қатысты. Судьяның қойған сұрақтарына Ақжарқынның өзі қытайша жауап берді. Бұған дейінгі сот отырыстарының барлығына қатысқан Ақжарқынның анасы бұл жолы Қытайға бара алмады.

Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық студент 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында ұсталған еді. Гуанчжоу соты оны есірткі тасымалдады деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Кейіннен заңсыз есірткі саудасымен күрес жөніндегі Ортаазиялық ақпараттық орталық "Ақжарқын нигериялық наркомафияның құрбаны болған" деп мәлімдеді. Ал сәуірде апелляциялық сот жерлесімізге тағайындалған жазаны өзгерту және істі қайта қарауға жіберу туралы шешім шығарды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА