$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Tomiris» жобасының II легі өз мәресіне жетті

28.08.2023ж. 20:00
627
«Tomiris» жобасының II легі өз мәресіне жетті

Елордада әйелдер саяси көшбасшылығын ілгерілетуге бағытталған «Tomiris» жобасының II легі өз мәресіне жетті. Қатысушыларды «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы оқытты. Онда 42 адам көпшілік алдында сөз сөйлеуді, тиімді қарым-қатынас орнатуды, PR негіздері, эмоционалды интеллект қалыптастыруды және жобаларды басқаруды үйренген.

Шолпан КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Осы жақта алған білімдеріңізді, тәжірибелеріңізді әрі қарай өздеріңіздің өңірлеріңізде көрсетіп, «AMANAT» партиясының барлық іске асырып жатқан мына халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында істеп жатқан істерінің барлығын өздеріңіздің жобаларыңыз арқылы әрқайсыңыз өз бағыттарыңызда қолдайтын боласыздар, оған сеніміміз мол.

Оқыту барысында қатысушылар көшбасшылық, саяси үдерістер, қақтығыстарды басқару стратегиясы, Қазақстанның партиялық-саяси жүйесі және тағы басқалар бойынша жетекші жаттықтырушылардан білім алды. Бес күн бойы білім алған қыз-келіншектерді «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова марапаттады. Қатысушылардың оқудан алған әсерлері ерекше.

Рухабза ХАЛДАРБЕК, «TOMIRIS» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Бұл жобаның мен үшін бір тың жаңалығы дейді ғой жалпы айтқан кезде, жоба аясында үлкен жобаларды жасау арқылы көзге түскен 42 қатысушының арасында, парламент мәжілісінің депутаттары сенаторлар менторлық қызмет көрсетеді. Бұл ауыл-аймақта біз секілді алыс-шалғайда орналасқан саяскатқа енді келіп жатқан әйелдер үшін үлкен мүмкіндік.