Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Елбасы «Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
1991
Елбасы «Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Президент қабылдауында болды. Кездесу барысында басқарма төрағасы мемлекет басшысына шетелдік серіктестермен жасалған келісімшарттар мен компания құрамынан шығарылған активтер жайында баяндады. Жақында компания құрамынан белсенді емес 26 актив шығарылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің міндетіміз - толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақастықтың деңгейін арттыру керек.

Асқар Жұмағалиев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Бүгінгі күні барлық қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Бірінші кезекте мен өндірістің диверсификациясы жайында айтқым келеді. Қазіргі кезде қытайлық серіктестермен Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталып, қажетті жабдық өндіру кезеңі басталып кетті.