Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізге танымал актер тұңғыш рет фильмге тыр жалаңаш түсті

AstanaTV
29.08.2023ж. 23:54
2972
Елімізге танымал актер тұңғыш рет фильмге тыр жалаңаш түсті

Комедиялық рөлдерді жиі сомдайтын Қажет Смағұлов кезекті фильмдердің бірінде тыр жалаңаш күйінде төбе көрсетті. Бұл туралы NTK Entertainment бағдарламасы хабарлады.

"Қажет шешініп, неге жүгіріп жүр деп... Тыр жалаңаш... Иә, солай боп тұр. Негізі, мына Совет үкіметінің киносында, "Алтын коллекция" деп айтамыз ғой, Леонов "Полосатый рейсте" түсті. Попанов "Бриллиантовый рука" фильмінде түсті. Судың астында, іш киімсіз қалып... Содан кейін мынау, бізде, Қазақстанда осы", - деді Қажет Смағұлов.

Айта кетелік, фильм желісі бойынша үш отбасы алаяқтарға алданып, бір үйді сатып алады. Сол кейіпкерлердің бірін Қажет Смағұлов ойнаған. Фильмде Жұлдыз Өмірғали мен Жан Байжанбаев та басты рөлдердің бірін сомдайды.