Астаналық 100 талапкер білім грантына ие болды. Мұндай мүмкіндікті "AMANAT" партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты жасап отыр. Басты мақсат- мұқтаж жастарға көмек көрсетіп, еріктілер мен белсенділерді ынталандыру. Талапкерлерге жоғары оқу орындарынан 20, колледждерден 80 грант берілді. Грант иегерлеріне сертификат салтанатты түрде табысталды.
Ерлан ҚАНАЛИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл олардың жоғары және орта арнаулы білім алуына ынталандыру, қолдау. Оның үстіне, біз бұл гранттарды бірінші кезекте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдадық. Әр орынға бес үміткер болды. 500-ге жуық адам іріктелді. Сондықтан бүгін ең лайықты жандар алды деп ойлаймын.
Мадина ҚАПСАМИНА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:
Мен заңгер мамандығына түстім. Бала кезімнен армандадым. Бүгін арманымның бір бөлшегі орындалғндай. Барлық іс-шараларға белсене қатыстым. Үш жыл бойы «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі болдым.