$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Ақтөбеде теракт жасады деп айыпталғандар кінәларын мойындамады

AstanaTV
04.11.2016ж. 20:00
3026
Ақтөбеде теракт жасады деп айыпталғандар кінәларын мойындамады

Ақтөбеде 5-ші маусымда террорлық акт жасады деп ұсталғандар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі хабарлама таратты.

Жабық өтіп жатқан сотта қолға түскендер лаңкестік топтың арасында болғандарын жоққа шығармаған. Бірақ кісі өліміне қатысымыз жоқ деп ақталып отыр. Сөздерінше, олар теріс діни ағымдағылардың жалған сөздеріне сеніп қалған. Бұларды қылмыстық топтың басшылары Таңатаров пен Айтуғанов есімді азаматтар полицейлер дін жолындағыларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр деген желеумен құқық қорғау органдарына қарсы қойыпты. Тергеудегілердің тоғызына террористтік акт жасаған деген айып тағылса, қалған 18-і қылмыстық іс жайлы біле тұра, құзырлы органдарға ақпарат бермеген деп айыпталған. Сот процесі куәгерлер мен жәбірленушілердің қауіпсіздігі мақсатында КА-168/1 тергеу изоляторында өтіп жатыр.

Еске салайық, қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл кезінде 8 адам мерт болған еді.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ