Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Соңғы алты жылда атыраулық әйелдердің 35 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған

AstanaTV
04.11.2016ж. 20:00
2662
Соңғы алты жылда атыраулық әйелдердің 35 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Соңғы алты жылда атыраулық әйелдердің 35 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған.  Олардың тең жартысы заңды немесе азаматтық некедегі жұбайынан таяқ жеген. Кәмелетке толмаған қыздардың өгей әкесінен, өз балаларынан соққы жеген аналар да бар. Мұндай жаға ұстатар дерек облыстық прокуратуда өткен алқа мәжілісінде айтылды.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысын ерлер ішімдікке сылқия тойып алып жасайды. Әйелдерге қол көтеретіндердің  60 пайызы  - жұмыссыздар.  Прокуратура өкілдерінің  пайымынша,  зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына республикалық және облыстық бюджеттен бір тиын да қаржы бөлінбеген. Ал полиция инспекторлары бұл бағытта мүлдем жұмыс жасамайтындығы айтылды. Өйткені аймақта 23 полицей жетіспейді. Дегенмен тәртіп сақшылары, жанжал кезінде полицияға шақыртқанымен, әйелдердің жәбірленуші үстінен арыз жазудан бас тартатынын айтып отыр.

Серік Шалабаев, Атырау облысы прокурорының орынбасары:

Әкімшілік істердің 42 пайызы жәбірленушімен татуласуға байланысты өндірістен қысқартылған. Аталған құқық бұзушылықтар көбінесе, жұмыссыздар, маскүнемдер, нашақорлықпен жасалуда. Мысалы, құқық құзушылықты жасағандардың 175-і алкогольдік масаю күйінде болған. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ