19 студент Астана әкімдігінің грант иегері атанды. Енді олар қаланың кез-келген жоғарғы оқу орнында тегін білім алады. Бұл негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастар.
Астана қаласы әкімдігінің гранты бағдарламасы 19 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Осы уақыт аралығында жүздеген студент білім алуға мүмкіндік алды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратынша, гранттар тек еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға беріледі.
Ерлан ЖҮСІПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
350 мыңнан астам студент осы бағдарлама арқылы білім алды. Жыл сайын студенттің оқу ақысы төленеді. Білм алған 350 мың студенттің шамамен 320 мыңы жұмыспен қамтылған.
Елорда әкімдігінің гранттар жүйесіне қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары қатысады. Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар тегін білім алуға мүмкіндік алады.
Ләззат ТЕМІРБОЛАТОВА, ГРАНТ ИЕГЕРІ:
Мен біраз мамандықтарды көрдім. Бірақ психология жаныма жақын болды. Әкімдік бөлген грант мен үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Ата-анам үшін де қуаныш. Бұл - отбасым үшін өте маңызды.
Назым ТҰРСЫНБАЙ, ГРАНТ ИЕГЕРІ:
Әрине бұл үлкен мүмкіндік. Қаншама адамның арасынан Астана әкімінің грантының иегері атанып отырмын. Ең бірінші ата-анама, Астана қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Тек қана өзімнің емес, осы мүмкіндіктің, гранттың иегері атанып отырған балалардың атынан рақмет айтамын.
Грант иегерлері төрт жыл бойы әкімдік тарапынан тегін оқиды.
Жауаптылардың айтуынша, түлектер мамандықты өздері таңдайды.